Сотталғанға жолданған сәлемдеме ішінен есірткі заты табылды

16 Сәуір 2021, 21:53
1895
Бөлісу:
Сотталғанға жолданған сәлемдеме ішінен есірткі заты табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 15 сәуірінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан В. есімді азаматқа жолданған сәлем-сауқыттың ішінен есірткі тектес зат анықталды.

Мекеме қызметкерлері жоғарыда аталған сотталғанға келген сәлем-сауқытты тексеру барысында 6 дана құрттің ішіне дәкеге оралып салынған «өзіне тән хош иісі бар шөп тектес» затты анықтаған.

Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 3,2 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Өзгелердің жаңалығы