Сотталғандармен қандай жұмыс жүргізіліп жатыр?

22 Ақпан 2021, 11:18
4653
Бөлісу:
Сотталғандармен қандай жұмыс жүргізіліп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде ҚАЖ комитетінің басқарма басшысы Бибігүл Мұңайтпасова айтты. 

Ол сотталғандармен тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты ұйымдастыру туралы айтып берді. 
Сотталғандармен жұмыс әртараптандырылған. Олардың мерзімі мен қылмысты өтеп жатқан мекемесіне, жағдайына қатысты жүзеге асырылады. Топтық және жеке консультациялар психолог пен педагогтық қатысуымен жүзеге асырылады. Тәрбие жұмыстарының қорытындысы бойынша олардың тәртіптеріне баға беріледі. Сотталғандар рақымшылық пен өтініштер беру үшін  барлық түзету мекемесінде электронды терминалдар бар, - деді ол. 
Мұңайтпасова атағандай, жақында барлық түзету мекемелерінде онлайн әдеби конкурс өткізілген. 
Ол Адам құқықтарының уәкілетті органы мен ҚАЖ көмегімен «Менің бақытты күнім» атты тақырыпта шығарма жазды. Қазіргі таңда ҚАЖ кітапхана қорын толықтыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, Қарағанды облысында шексіз оқу жүйесі бар. Сотталғандар кез келген кітапты оқып, оның мазмұндамасын айтып бере алады. Комиссия олардың жұмысы бойынша қорытынды шығарады, - деді Мұңайтпасова. 

Ол атағандай, ҚАЖ 64 үкіметтік емес ұйым мен қорлармен бірге жұмыс істейді. 

Сотталғандарды тәрбиелеу бойынша 5 мың шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 2 мыңнан астамы мәдени тақырыпта, 3 мыңнан астамы спорттық бағытта жүзеге асырылды. Сондай-ақ сотталғандарға бірінші күннен бастап психологияық көмек көрсетіледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы