Сот қызметкерлері көгалдандыру жұмысына қатысты

19 Қазан 2019, 16:35
2821
Бөлісу:
Сот қызметкерлері көгалдандыру жұмысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында экологиялық айлық аясында ағаш отырғызу бойынша Республикалық науқан өтті. Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне арналған шараның мақсаты – тұрғындарды көгалдандыру жұмысына көптеп тарту.

Жаппай ағаш отырғызу науқанына облыстық, қалалық және мамандандырылған соттардың қызметкерлері мен қаланың 33 мемлекеттік мекемесінің өкілдері қатысты.

Көгалдандыруға Тұңғыш Президент атындағы саябағы таңдап алынып, мемлекеттік қызметшілердің ортақ үлесімен 785 көшет отырғызылды. Көшет  отырғызудан басқа, бүгін өңірімізде абаттандыру және көшелерді санитарлық тазалау бойынша сенбілік өткенін атап өткен жөн.

Ағаштарды отырғызу науқанына қатысу- Ақтөбе қаласының экологиялық болашағына өз үлесін қосудың бірегей мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тұрғындарды біріктіретін әлеуметтік маңызы бар қызмет.

Өзгелердің жаңалығы