Сот ұжымы көпбалалы анаға көмектесті

27 Ақпан 2019, 20:23
1864
Бөлісу:
Сот ұжымы көпбалалы анаға көмектесті

Ақтөбе, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтарындағы №173 жарлығымен бекітілген «Алғыс айту күніне» орай Ырғыз аудандық  сотында қайырылымдылық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарласты.

"Іс-шара барысында соттың ұжымы кәмелетке толмаған 6 балаласы бар жалғызбасты ана Р.Бағымбаеваның отбасына көмек көрсетті. Сот ұжымы отбасына азық-түлік табыс етіп, көпбалалы анаға  денсаулық, амандық және табыс тіледі" - делінген хабарламада.

Сот төрағасы Е.Бақытжан мұндай іс-шаралар бүгінгі күні өзара көмек пен қайырылымдылық сияқты құндылықтарды сақтап қалуға көмектесетінін атап өтті. 

Өз кезегінде Р.Бағымбаева сот ұжымына алғысын білдірді. 

Өзгелердің жаңалығы