Бас жаңалықтар
Төтенше жағдай. Тұрғымбаев сотталғандарға ақшалай сыйақы берді
06 Сәуiр 2020, 23:33 127

Төтенше жағдай. Тұрғымбаев сотталғандарға ақшалай сыйақы берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында бетперде тігумен айланысқан сотталғандарға бір миллионнан астам сыйақы берілді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан түзеу колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға жұмысына ақшалай сыйақы алды. Қазіргі уақытта қорғаныс құралдары мен дезинфекция қажет. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі мен Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы басшылығының шешімімен қылмыстық-атқару жүйесінің өндірістік объектілерінде қорғаныс бетперделерін тігу ұйымдастырылды. 19 наурыздан бастап Шығыс Қазақстанның алты колонияда сотталғандар қорғаныс бетперделерін тіге бастады. Осы уақытқа дейін сотталғандар 120 мыңнан астам бетперде тігіп үлгерген. Осы бетперделермен полиция офицерлері мен әскери қызметкерлер толығымен қамтамасыз етілген - делінген хабарламада.

Сотталғандардың еңбегі артта қалмады, оларға ақшалай сыйлықтар берілді.

Біздің жұмысымыз бағаланып, тіпті сыйлық табысталғанына да өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, мен бұған сенбедім, бірінші рет өз жұмысым үшін ақшалай сыйлық алдым. Мен алған сыйлығымды әйеліме аударып жібердім, оған бұл ақша маған қарағанда қажетті деп ойлаймын – деді сотталған Арлан.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде қорғаныс маскаларын тігу жалғасып жатыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...