Сот «СҚ-Фармацияның» экс-басшысын кінәсіз деп танып, тек айыппұл салды

4 Тамыз 2021, 15:35
2041
Бөлісу:
Сот «СҚ-Фармацияның» экс-басшысын кінәсіз деп танып, тек айыппұл салды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев «СҚ-Фармация» ЖШС бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлады zakon.kz.

 

Берік Шәріп 287-баптың 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын және оған 1000 АЕК айыппұл тағайындалсын, 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәсіз деп танылсын және оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмағаны үшін ақталсын. Айыппұл түріндегі жаза мерзімі қамауда ұстау кезеңі болып есептелсін, - деді судья Қанат Дүйсембиев. 

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысының ісі «лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану» және қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» баптары бойынша қаралды. Атап айтқанда, ЖШС-нің бұрынғы басшысын 2020 жылдың сәуір-мамыр айларында сапасыз қорғаныс костюмдерін сатып алып, қаруды заңсыз сақтағаны үшін дәрігерлерге коронавирус жұқтырды деп айыптады.

 

Соңғы сөзінде Шәріп өзінің кінәсін мойындамайтынын айтты.

 

Бұған дейін прокурор Берік Шәріпке орташа қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Айта кетейік, Берік Шәріпті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері 2020 жылдың 14 тамызында ұстады және Нұр-Сұлтан Уақытша ұстау изоляторына қамады. Ол 2020 жылдың 21 сәуірінен бастап тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу жөніндегі дистрибьютор компанияны басқарды. 2020 жылғы 10 шілдеде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылды.

  

Өзгелердің жаңалығы