Бұрын сотталған азамат мемлекеттік бағдарлама арқылы өз кәсібін бастады

13 Ақпан 2020, 17:47
1700
Бөлісу:
Бұрын сотталған азамат мемлекеттік бағдарлама арқылы өз кәсібін бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың "Есіл" ауданы прокуратурасы сотталғандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу және оларды түзету мақсатында қайта әлеуметтендіру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Тұрақты негізде есепте тұрған барлық сотталғандар заңнама нормаларын, оның ішінде түрлі мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, "БАСТАУ" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мүмкіндіктері туралы кездесулер өткізіледі.

Мысалы, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған азамат А. көмек нәтижесі бойынша оқу курсын аяқтап, тиісті сертификат алды.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде оған 500 000 теңге сомасына жеке бизнес ашуға өтеусіз кредит берілді.

Алынған ақшаға азамат А. наубайхана ашып, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуді жоспарлап отыр.

Көрсетілген құқық бұзушылықтардың қайталанған жасалуын азайтуға, олардың құқық бұзушылық мінез-құлқын қолдауға, қоғамға қарсы әрекеттердің кез келген түрін болдырмауға мүмкіндік береді.

Қайта әлеуметтендіру бойынша жұмыс үнемі жүргізіледі және елорда прокуратурасы органдарының ерекше бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы