Сооронбай Жээнбеков елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

9 Қазан 2020, 21:11
1296
Бөлісу:
Сооронбай Жээнбеков елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

Президент аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің мәліметінше, үндеуде бірқатар мәселелер қамтылған. ҚазАқпарат мәлімдеменің мәтінін жариялайды. 

«Құрметті отандастар! Кей саясаткерлердің шектен тыс кеудемсоқтығының кесірінен біздің азаматтардың бейбіт тіршілігі мен ел тыныштығына қауіп төнді. Саяси үндеулермен қатар, елдің бірлігі мен қоғамның тыныш өмірін бұзуға шақыратын провакациялық үндеулер де болды. Қырғызстан қауіп-қатер шегінде тұр. Қымбатты қырғызстандықтар, халқымыздың бейбіт тіршілігі саяси ойынның құрбанына айналмауы тиіс. Міне, сол үшін ел астанасы Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілді. Бүгін мен сол туралы тиісті жарлыққа қол қойдым. Конституциялық құзіретімнің аясында мен азаматтардың тыныш өмірі мен елдің біртұтастығын сақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Елдің бүкіл дені сау күші мені толық қолдайды деп сенемін. Бүгін біз мемлекеттігімізге шынайы қатер төнгенін көріп отырмыз. Сондықтан шетте құр қарап тұрмай, осы қиын күндерден бірге шығайық. Жаратқан халқымызды және сүйікті Қырғызстанымызды аман сақтасын».


Өзгелердің жаңалығы