«Соңғы мұғалім» фильмі Армениядан жүлдемен оралды

17 Мамыр 2019, 10:18
2315
Бөлісу:
«Соңғы мұғалім» фильмі Армениядан жүлдемен оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандасымыз режиссер Ален Рахметалиев түсірген «Соңғы мұғалім» қысқаметражды фильмі Ереванда осымен екінші рет өткізілген Халықаралық қысқаметражды фильмдерге арналған фестивальде арнайы жүлдеге ие болды. 

«Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі мәліметінше, кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Фильмде химия пәнінің мұғалімі Ержан Қайдарұлының өмірі баяндалады. 

Биыл фестивальге қатысуға 65 мемлекеттен 650 өтінімдер келіп түскен екен. 

Естеріңізге сала кетсек, былтыр «Соңғы мұғалім» фильмі Түркияның Стамбул қаласында өткен Dostluk Kısa Film Festival халықаралық кинофестивалінде екінші орынды иемденген болатын.

Өзгелердің жаңалығы