Бас жаңалықтар
Соңғы жылдары еліміздің көлік дәлізін дамытуға 35 млрд доллар бөлінді
13 Қазан 2021, 12:16 118

Соңғы жылдары еліміздің көлік дәлізін дамытуға 35 млрд доллар бөлінді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Қамалиев «Көлік және логистика нарығы» ІІІ халықаралық конференциясында айтты. 

Оның айтуынша, еліміз көлік саласын дамытуға және көлік дәлізі әлеуетін арттыруға күш салып отыр. Бұл бағытта бір қатар салалық бағдарлама қабылданып, негізі қаланған. Оған қоса тасымалдау бойынша бәсекелестік орта қалыптасқан. 

Соңғы 15 жылда көлік саласына шамамен 35 млрд доллар бөлінді. 2,5 мың жаңа теміржол салынып, 13 мың км авто көлік жолы жөнделді. Қазір еліміздегі республикалық, облыстық және аудандық маңызға ие автомобиль жолы шамамен 100 мың км құрайды. Теміржолдың ұзақтығы 21 мың км,-деді Қамалиев. 

Еліміздің батысында Ақтау және Құрық теңіз порты бар, ал шығысында Қорғас құрғақ порты жұмыс істеп тұр. Ал, азаматтық авиацияда 20 әуежай жұмыс істейді. 

Сонымен қатар ол жиынға қатысып отырған шетелдік делегаттарға еліміз арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін таныстырды. 

Қазір елімізде көлік тасымалын дамыту жүріп жатқанымен қоса терреториямыздан 11 халықаралық көлік дәлізі өтеді, оның 5-і теміржол, алтауы автомобиль жолы,-деді ол.




Фото: автордан
Загрузка...