Соңғы үш жылда Қазақстанда су азайды

22 Желтоқсан 2020, 09:23
2206
Бөлісу:
Соңғы үш жылда Қазақстанда су азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі Үкімет отырысында айтты.

Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде баяндама жасаған министр соңғы жылдары өзен ағындарының нақты жинағы жылына 90-100 текше метрді құрағанын атап өтті. Оның 51-ге жуық текше метрі жергілікті, қалғаны Қытай мен Орта Азия елдері, Ресейден трансшекаралық өзендер арқылы келеді екен. 

Халықтың және экономика салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын судың жалпы көлемі шамамен 25 мың текше метрді құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығына  15 текше метр, өнеркәсіпке - 6, коммуналдық шаруашылыққа – 1 текше метр су тиесілі, - дейді Мырзағалиев. 

Министрдің айтуынша, тасымалдау кезіндегі шығындар 3 текше метрді құрайды. Сонымен қатар экологиялық жүйелерді қолдау үшін шамамен 50 текше метр су қажет. 

Соңғы үш жылда Қазақстан суы аз цикліне кірді. 2019 жылы өзен ағысының жалпы көлемі 83 текше метрді құрады, бұл орташа көп жылдық көрсеткіштен 20 пайызға аз. Ресупублика бойынша пайдаланылатын судың 97 пайызы оңтүстіктегі 4 облысқа тиесілі. Республика бойынша пайдаланылған судың нақты көлемі 13,3 текше метрді құрады, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы