Соңғы үш жылда бензин бағасы 15 теңгеге өскен - Мырзағалиев

4 Қараша 2021, 11:54
750
Бөлісу:
Соңғы үш жылда бензин бағасы 15 теңгеге өскен - Мырзағалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті. 

Бензинге келетін болсақ, кеше бензин қымбаттады деген ақпарат естідім. Мен соңғы үш жылдағы статистикаға зер салдым. Соңғы үш жылда – 2018 жылдан 2021 жылға дейін 92 маркалы бензиннің бағасы 163 теңгеден 177-178 теңгеге көтерілген.  Яғни, соңғы үш жылда 15 теңгеге.  Бұл айтарлықтай  өсім емес деп білеміз.  Өйткені қазір бензин қажетті мөлшерде өндіріліп, жөнелтілуде. Бензин бағасының көтерілуіне еш негіз жоқ деп есептейміз.  Әрине, бүгінде бензинге қатысты жағдай - тұрақты, - дейді министр. 

Сонымен қатар ол өңірлерді газдандыру жайлы өмірді қамтамасыз етумен қатар, экологиялық жағдайды да жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты. 

Осы мақсатта еліміздің қалаларын газбен қамтамасыз ету үшін   “Сарыарқа» магистральдық газ құбырын жалғастыру немесе - Ресей Федерациясынан магистральдық газ құбырларын тарту жұмыстар қолға алынады. Жыл соңына дейін «Газпром» мен «ҚазТрансГаз» еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру бойынша есептеу жүргізіп, тиімді нұсқасы әзірленеді,- деді Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Ол бұған дейін жанармай бағасының тұрақталғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы