Соңғы күндері депутаттарға орынды сын айтылуда – Әбдіғалиұлы

9 Қаңтар 2022, 12:13
1958
Бөлісу:
Соңғы күндері депутаттарға орынды сын айтылуда – Әбдіғалиұлы

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Парламент жаңарған Қазақстанға сай болу керек. Бұл пікірді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы айтты.

Соңғы күндері депутаттарға орынды сын айтылуда. Мен, елімізде қалыптасқан ахуалға, Мәжіліс депутаты ретінде өзімнің де жауапкершілігімді  мойындаймын.  Бізде бастысы табандылық жеткіліксіз. Мәжілістегі әріптестерім қаншама маңызды және өзекті мәселелер көтерді - сол бағасы өсіп бара жатқан азық-түлік, газ, жанармай туралы Үкіметке бірнеше рет талап қойды, жеке адамдардың банкроттық заң жобасында ұсыныды. Ал соны тыңдап жатқан Үкімет болмады, қойған сауалын қорғаған депутаттар да аз, - деді Әбдіғалиұлы.

Оның айтуынша, кейбір депутаттық сауалдар шешілмейтін бос ұранға айналған.

Егерде сол қойылған мәселер бойынша Үкімет тиісті шаралар қабылдағанда кешегі қан-төгіс болмас па еді?! 
Қазіргі жағдайда Мәжіліске табандылық керек, депутаттардың көтерген нақты мәселелері мен қойған сұрағына Үкімет бір парақ қағазбен құтылмай, Парламентке келіп жауап берсін, шешу жолдарын айтсын, – дейді депутат.

Берік Әбдіғалиұлы осы мәселеге байланысты Мәжілістің құзырын де-факто күшейтіп, Үкімет жұмысына, ұлттық компанияларға да бақылауын күшейту қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев жариялаған Саяси реформалар аясында Конституцияға да өзгерістер қарастыру керек. Мәжіліс депутаттарының бір бөлігі жеке округтерден де сайлану жолын қарастыру қажет. Қоғамдағы барлық белсенді және беделді саяси күштер мен тұлғалар Парламентке келу керек. Бұл алаңға шыққан отандастарымыздың бір талабы! Себебі, елдің талабы алаңдарда емес, Парламентте көтерілуі қажет. Бұл тұрақтылықтың бір кепілі. Ең бастысы - Парламент жаңарған Қазақстанға сай болу керек!  – деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.

Өзгелердің жаңалығы