Бас жаңалықтар
Соңғы 3 жылда Нұр-Сұлтанда әлеуметтік пәтер саны 9 есе өскен
13 Сәуiр 2021, 13:57 229

Соңғы 3 жылда Нұр-Сұлтанда әлеуметтік пәтер саны 9 есе өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік пәтерлер саны артқанын, сол сияқты Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Елорда аудандарын «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытып жатырмыз. Аудандар полиорталық қағидатына сай дамуда, яғни қажетті әлеуметтік нысандар жаяу қашықта орналасқан. Бүгінгі таңертеңгілік аралау барысында бірқатар жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Әлеуметтік тұрғын үй Алматы ауданында орналасқан. Тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында оңалту орталықтары, балабақшалар, балаларға арналған үйірмелер және т. б. әлеуметтік нысандар ашылады, - деп жазды Көлгінов.

Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл бір мезгілде жаңа ТК тұрғындарының оқушы орындарына деген қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді.

Үйлердің сапасына, абаттандыруға ерекше назар аударуды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырдым. Сапасыз жұмыс қабылданбайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Биыл көрсеткішті 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 9 есеге артады. 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынып, пайдалануға берілсе, өткен жылы 7 мыңнан астам пәтер салынды,  - деп жазды қала әкімі.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...