Бас жаңалықтар
Төрешілер не себепті Сон мен Чиншанлоның мүмкіндіктерін есепке алмады?
30 Шілде 2021, 17:16 688

Төрешілер не себепті Сон мен Чиншанлоның мүмкіндіктерін есепке алмады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ОКҚ алаңында өткен онлайн брифинг кезінде қазақстандық сарапшылар жауап берді.

Игорь Сон және Зульфия Чиншанлоның жаттығуы кезінде бір-екі мүмкіндігін төрешілер есепке алмады. Бұған не айтасыздар? Бұған дейінгі допингке байланысты жағдайлардың салдары бар деп ойламайсыз ба?, – деп редакциямыз сауал жолдады.
Ауыр атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы Меңдіхан Тәпсірұлы төрешіліктің қатаңдатылуы себеп болуы мүмкін екенін айтты.
Қазір ауыр атлетикадағы төрешілікке талап күшейтілген. Ол да бір себебі болуы керек. Екінші жағынан төрешілердің асыра сілтеушілігі байқалды. Спортшылардың кішкентай ғана теріс қозғалыстарын үлкенге айналдырып, спортшыларға мүмкіндіктерін толық шығаруға кедергі жасады деп айтуға болады. Әсіресе Зульфия Чиншанлоның жарыс жолында байқалды. Серпе, жұлқа көтерудегі бірінші мүмкіндіктерінде алған салмақтарын есепке алмай, спортшылардың келесі мүмкіндіктерін толық көрсетуге кедергісі болды, - деген пікір білдірді жаттықтырушы.
Ол ауыр атлетикаға допинг салдарының тигенін атап өтті. Алайда бұл мәселе Токио Олимпиадасына қатысқан спортшылардың жаттығуына әсер етпегенін айтты.
Допинг дауы толыққанды әділетті болды деп есептемейміз. 10 жыл бұрынғы спортшылардың 8 жыл алдыңғы сараптамаларын ашып, тексеруі бізге де сенімсіздік ұялатады. Оның үстіне соңғы жылдары қазақ ауыр атлетшілері арасында допингке қатысты ереже бұзу болған жоқ, - деп жауап берді Меңдіхан Тәпсірұлы.
Ал Ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұралинов төрешілікте салғырттық байқамағанын айтты.
Ия, төрешілік қатал болды. Менің ойымша, бұл Олимпиаданың деңгейін көрсетеді. Игорьдің мүмкіндігін қабылдамаған кезде біздің төрешілер челлендж берді. Біздің төрешілеріміз барлығын дұрыс жасады. Алайда Олимпиаданың төрешілері нәтижені өзгеріссіз қалдырды, - деді федерация өкілі.


Фото: дереккөз
Загрузка...