Бас жаңалықтар
Солтүстiк Қазақстанда қазақ тiлi курстарына қызығушылық артуда
12 Наурыз 2019, 21:16 745

Солтүстiк Қазақстанда қазақ тiлi курстарына қызығушылық артуда

Астана, BAQ.KZ. СҚО әкiмдiгiнiң отырысында тiлдердi дамытуға арналған бағдарламаның жүзеге асырылуы талқыланды, деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазiргi таңда облыста қазақ тiлiн оқытуға арналған курстар үлкен сұранысқа ие. Егер 2016 жылы тiлдердi оқыту орталығында курстарды 2 мың адам тәмамдаса, қазiр орталықта 2800 солтүстiкқазақстандық оқуда. Орта деңгейде оқып жатқан адамдардың да саны артуда, 11 ден 30 топқа дейiн. Бағдарламаны жүзеге асыру кезiнде 15 мыңнан аса адам «Қазтест» сертификатына ие болды. СҚО әкiмiнiң айтуынша, бұл жұмысқа облыс тұрғындарын көптеп тарту қажет.

«Жыл сайы мiндеттi түрде өсiм болу керек. Өйткенi, мемлекет бұл салаға көп қаражат жұмсауда. Тiлдердi үйренуге арнайы механизмдер жасалған», — дедi Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, облыста қазақ тiлiнде бiлiм алып жатқан оқушылардың да саны артуда. Соңғы жылдары бұл көрсеткiш 59 пайыздан 69% дейiн көбейдi. Былтыр мектеп түлектерiнiң 76% қазақ тiлiн В1 деңгейiнде меңгердi. 2017 жылы бұл көрсеткiш 70% құраған болатын.

Сізден жаңалық