Солтүстік Қазақстанда су тасқынына дайындық қарқын алды

12 Наурыз 2019, 19:24
2286
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда су тасқынына дайындық қарқын алды

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Теріскей құтқарушылары су тасқынына дайындық шараларын күшейтті. Төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет мамандары қауіпті аймақтарда орналасқан елді-мекендердегі үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осы жолы құтқарушылар Айыртау ауданының ауылдарын аралады. 2017 жылы 11 елді-мекенді су басқан еді. Олардың қатарында Саумалкөл, Имантау, Константиновка, Гусаковка, Светлое, Қарасай сынды үлкен ауылдар бар.

«Айыртау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдері бірінші кезекте Имантау ауылында былтырлары су шайған үйлер мен аулаларды аралады. Тұрғындармен әңгімелесіп, табиғи апаттың мүмкіндігінше алдын алу шаралары жайында айтылды. Мәселен, қар суының арнасын бұру, аулаларды күл-қоқыс пен қардан тазалау, үй аумағын қоршау үшін қолда бар материалдарды пайдалану жөнінде нұсқаулықтар берілді. Қауіп-қатер жайында құтқарушыларға дер кезінде хабарлау тәртібі жайында да түсіндірілді. Және су тасқыны бола қалса, қалай әрекет ету керектігі жайында айтылды», - дейді СҚО ТЖД Айыртау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы   Жанбота Қабдөшев.

Солтүстік Қазақстанда су тасқынына дайындық қарқын алды

Әңгіме соңында әр адамға көктемгі су тасқыны кезінде қалай әрекет ету қажеттігі жайында жазылған ақпараттық парақшалар таратылды. Тұрғын үй секторын аралау барысында 200-ден астам адам қоныстанған 130 үй қамтылды. Осы күнге дейін құтқарушылар 10 450 үйді аралады.

Өзгелердің жаңалығы