Солтүстік Кореяда коронавирус індеті өршіп барады
13 Мамыр, 08:48 521

Солтүстік Кореяда коронавирус індеті өршіп барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Кореяда коронавирус індеті өршіп барады. BBC агенттігінің хабарлауынша, қауіпті дерттен 6 адам көз жұмды.

Тағы 18 мың тұрғынға ковид диагнозы қойылды.

Солтүстік Корея басшысы елде төтенше жағдай енгізіп, қатаң локдаун жариялады. Ким Чен Ын аймақтағы барлық қалалар мен уездердің жабылуын талап етті. Пхеньян қаласында анықталған алғашқы науқастар омикрон штамын жұқтырған. 

Бұдан бөлек, сәуір айынан бері елде белгісіз безгек ауруы да пайда болған. Ресми мәлімет бойынша күні бүгінге дейін онымен 350 мың адам ауырған.

Айта кетейік, 2020 жылы коронавирус пандемиясы басталғалы Солтүстік Корея билігі өз елінде вирус жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмегенін айтқан еді. Ресми Пхеньян тіпті халықаралық Covax бағдарламасы бойынша ұсынылған вакциналардан да бас тартқан болатын. Қазір елдің 26 млн жуық халқы екпенің бірде-бір дозасын қабылдамаған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...