Бас жаңалықтар
Солтүстік Корея «әлемдегі ең қуатты қаруды» көрсетті
16 Қаңтар 2021, 09:58 1530

Солтүстік Корея «әлемдегі ең қуатты қаруды» көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.kz. Солтүстік Кореяда су асты жаңа баллистикалық зымыраны көрсетілді. Бұл жайлы lenta.ru хабарлайды.

Қару Пхеньянда Кореяның Еңбек партиясының кезекті съезіне арналған әскери шеру кезінде көрсетілді. Шеруге түсініктеме бере отырып, КОТА мұны «Революциялық қарулы күштердің күшін көрсететін әлемдегі ең қуатты қару»деп атады.

Шеруді КХДР басшысы Ким Чен Ын өзі басқарды.

Бұған дейін, Оңтүстік Корея АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің алғашқы өкілеттік айларында, Пхеньян құрлықаралық баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізуі мүмкін деп болжаған болатын. Бұрындары да КХДР Вашингтонның реакциясын тексеру, әкімшіліктің назарын аудару мақсатында АҚШ жаңа басшылығына әскери арандатулар көрсеткен. 

Сонымен қатар Асан саяси зерттеулер институты сарапшыларының пікірінше, Байденнің КХДР-мен дипломатиялық іс-қимыл жоспарлары, осы уақытқа дейін Трамп қалыптастырған достық қарым-қатынасты 180 градусқа өзгертуі мүмкін. Ақ үйдің жаңа басшысы Пхеньянмен қарым-қатынасты қайтадан «төменнен жоғары» форматында орнатып, тек жұмыс деңгейіндегі іскерлік кездесулерге басымдық беретінін білдірді.


Фото: дереккөз
Загрузка...