Бас жаңалықтар
Солтүстiк Қазақстанда жастар кәсiпкерлiгiн дамытуға 200 млн теңге бөлiнедi
25 Маусым 2019, 15:47 291

Солтүстiк Қазақстанда жастар кәсiпкерлiгiн дамытуға 200 млн теңге бөлiнедi

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жастармен кездестi. Бейресми кездесуде жастар өздерiнiң идеяларын және ұсыныстарын айтты. Өңiр басшысы жастарды кәсiпкерлiкпен айналысуға шақырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.

«Даму» қорымен бiрiге отыра, жастар кәсiпкерлiгiн одан әрi дамыту керек. Бiз келесi жылы бұл бағытқа 200 млн теңге бөлуге дайынбыз. Жастарды оқытуға кәсiпкерлердi тарту керек. Оқу орындарында бизнесмендер өздерiнiң тәжiрибелерiмен бөлiседi», - дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы волонтерлер қозғалысының маңыздылығы туралы да айтты. Облыс әкiмi жұмыс берушiлердi жастарды қызметке алған кезде волонтерлiк тәжiрибесiн ескерудi сұрады. Университет қабырғасында студенттердiң жобамен айналысуы туралы да айтылды.

«Университетте студент бiр жобаны қолға алып, оны кәсiпкерлерме бiрге жүзеге асыру керек. Дипломмен бiрге жобасын да қорғап шығады. Сөйтiп, бiз жастарды ғылым және кәсiпкерлiкпен айналысуға баулимыз», - дедi Құмар Ақсақалов.



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық