Солтүстік Қазақстанда аудан әкiмдерi футбол ойнады

19 Маусым 2019, 18:16
1767
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда аудан әкiмдерi футбол ойнады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда мемлекеттiк қызметшiлер арасында дәстүрлi спартакиада өттi, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты. 

«Мемлекеттiк қызмет өте жауапты жұмыс, бiлiм мен жоғары мәдениеттiлiктi талап етедi. Мемлекеттiк қызметшiлер салауатты өмiр салтын ұстанып, басқаларға үлгi көрсету керек», - дедi СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов

Спартакиаданың ашылуынан соң «Қызылжар» және «Солтүстiк» командалары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өттi. Футбол алаңына Құмар Ақсақалов пен аудан әкiмдерi шықты. Ойын 2-1 есебiмен облыс әкiмi ойнаған «Қызылжардың» пайдасына аяқталды.

Солтүстік Қазақстанда аудан әкiмдерi футбол ойнады

Өзгелердің жаңалығы