Солтүстік Қазақстан университетін шетелдік жоғары оқу орны сенімді басқаруға алуы мүмкін

7 Мамыр 2021, 15:48
1283
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан университетін шетелдік жоғары оқу орны сенімді басқаруға алуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақлов мәлімдеді. Оның айтуынша қазір Аризона университетінің басшылығымен келіссөздер жүргізілуде.

Біз бүгін Америка құрама штаттарындағы Аризона университетінің делегациясымен кездестік. Кездесуден кейін америкалық жоғары оқу орнының өкілдері ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді. Оларға біздің университетті сенімді басқаруға тапсыру бойынша сұрақтарды талқылап жатырмыз. Аризона штатында орналасқан бул университеттің тәжірибесі өте бай, сапалы бағдарламасы мен озық технологиялары бар. Әлемдегі ең үздік деген 100 университеттің қатарында, Нобель сыйлығының 3 лауреаты шыққан, NASA ғарыш агенттігімен тығыз байланыс орнатқан оқу орны. Сондықтан, біздің студенттерге де, оқытушыларға, ғалымдарымызға да пайдасы зор болмақ, - деді Құмар Ақсақалов.
Солтүстік Қазақстан университетін шетелдік жоғары оқу орны сенімді басқаруға алуы мүмкін

Бұл ең алдымен студенттер үшін өте тиімді. Ынтымақтастықтың кеңге құлаш жайғаны, олардың тәжірибе алмасып, жаңа бағдарлама бойынша білім алып, тағылымдамадан өтуіне жол ашады. Әрі, Аэроғарыш саласына бет бұрған озық университеттің оқыту бағдарламасы солтүстікқазақстандық жастардың техника мен технологяларға қызығушылығын оятары сөзсіз.

Қазіргі күні Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқу ғимараттары жаңартылуда, 1200 орындық екі жатақхананың құрылысы басталып, қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар,   73 озық зертханасы бар заманауи оқу- зертханалық кешен ғимараты жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл өңірдегі білім беру саласын жандандырып, жастарды тартуға, сұраныс бойынша мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Петропавл қаласында «Назарбаев Университеті» үлгісінде жаңа жоғары оқу орны пайда болады.


 

Өзгелердің жаңалығы