Солтүстік Қазақстан облысында биг-бег өндiрiсi ашылды

24 Желтоқсан 2020, 01:37
1737
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан облысында биг-бег өндiрiсi ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында жұмсақ контейнерлер өндiрiсi басталды. Бұл жоба мемлекеттiң қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Биг-бегке дәндi дақылдарды, құрылыс материалдары мен кендi сақтауға болады. Өндiрiс толық циклдi: жiп шығарудан бастап, тоқу машиналарында мата тiгуге дейiн. Мұнда 180 солтүстiкқазақстандық жұмыс iстейдi. Бұл жобаға 1,5 миллиард теңге инвестиция құйылды. Кәсiпорын жылына 1,5 миллионға дейiн биг бег шығарады.

Бiр жыл бұрын бұл ғимарат бос болатын. Бүгiнде тоқу станоктарында сұранысқа ие тауарлар шығарылуда. Облыста бос аумақтарды қалпына келтiру жұмысы жүргiзiлуде. Бос аумақтардың жалпы ауданы 300 мың шаршы метрдi құрады. 109 мың шаршы метр жерде жаңа өндiрiс орындары iске қосылды. Тағы 92 мың шаршы метрде жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Қалған 100 мың шаршы метрде жұмыс жалғасады.
Бiз қазiр экономиканы әр түрлi бағытта дамытып жатырмыз. Жаңа зауыттар мен фабрикаларды ашу арқылы бiз экономикамызды әртараптандырамыз. Осыған дейiн металлопластикалық бұйымдар зауыты мен тұрмыстық химия фабрикасы, термос вагондарын шығару өндiрiсi iске қосылды. Жақында фанера фабрикасы ашылады, – дедi Құмар Ақсақалов.

«CLAAS» немiс концернi мен трансформаторлар шығаратын электр зауыты үшiн ғимараттар қайта қалпына келтiрiлуде.



Өзгелердің жаңалығы