Солтүстік Корея АҚШ-пен келіссөздерін жалғастырады

11 Қыркүйек 2019, 07:20
2693
Бөлісу:
Солтүстік Корея АҚШ-пен келіссөздерін жалғастырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Корея осы айдың соңында АҚШ-пен ядролық қарусыздану жөніндегі келіссөздерді қайта жандандырмақ, деп хабарлайды 24.kz. 

Бұл туралы Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Цой Сон Хи мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының ядролық қарусыздануға қатысты Ханоедегі келіссөзі тығырыққа тіреліп, ақыры нәтижесіз аяқталған болатын. Одан кейін Дональд Трамп Ким Чен Ынмен қос Кореяның шекарасында да кездескен еді.

Айта кетейік, АҚШ пен БҰҰ Солтүстік Кореяға қарсы бірнеше санкция салған болатын.



Өзгелердің жаңалығы