Солтүстік Қазақстанда еңбекақының орта мөлшері 108 мың теңге

25 Қаңтар 2019, 18:38
3446
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда еңбекақының орта мөлшері 108 мың теңге

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында еңбекақының орта мөлшері 108 мың 706 теңгені құрады. Бұл жайында 2018 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы сараланған әкімдік отырысында айтылды.

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев Солтүстік Қазақстан облысы өткен жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтағанын тілге тиек етті. Ауылшаруашылығы өндірісінің көлемі 2 пайызға, өнеркәсіптік өіндіріс 2,2 құрылыс жұмыстары 13,6 тұрғын үй салу 9 пайызға артса, инвестиция көлемі 8,1 пайызға ұлғайған. Соның арқасында 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, өткен жылы 30 мыңға жуық солтүстікқазақстандық екі қолға бір күрек тапқан.

«Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы орташа жалақы көлемі 108 706 теңгені құрады. Яғни өсім 6,8 пайыз. Ең көп жалақы мөлшері тау-кен өндірісі орындарындағы жұмысшыларға тиесілі. Аталған салада көрсеткіш 205 919 теңге болса, қаржы, сақтандыру қорларында 205 703 теңгені құраған. М.Жұмабаев, Ш.Уәлиханов, Ақжар, Ғ.Мүсірепов, Мамлют, Есіл және Айыртау аудандарында жалақы көрсеткіші төмен.

Күн тәртібіне қаралған тағы бір мәселе, 2018 жылғы бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы бойынша облыстық қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов есеп берді. Жалпы былтыр Қызылжар қазынасына 41,5 миллиард теңге түсіп, жоспар 101 пайызға орындалған.

Эльмира Кәленова
Өзгелердің жаңалығы