Солтүстiк Қазақстанда 2020 жылы 3 мың пәтер салынады

21 Қараша 2019, 05:33
2651
Бөлісу:
Солтүстiк Қазақстанда 2020 жылы 3 мың пәтер салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өңірдегі тұрғын үй құрылысына арналған СҚО әкiмдiгiнiң отырысында белгілі болды. 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биыл тұрғын үй құрылысының қарқыны жоғары. 

2018 жылы 2068 пәтер салынса, биыл 2240 қолданысқа берiлмек. 2020 жылы 2842 пәтердi салу көзделген. Облыс әкiмi бұл көрсеткiштi 3 мыңға апаруға әбден болады, - дедi аймақ басшысы.

Ипотекалық несиеге сұраныс 32%-ға артқан. "7-20-25" жобасы бойынша 701 өтiнiм қабылданса, оның 468-i мақұлданды.

Әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылғандарға 482 пәтер салынды, оның 124-i көпбалалы отбасыларға. Яғни, 30 пайызы. 3 жылда бұл категорияның баспана мәселесiн толық шешемiз, - дедi Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы