Солтүстік Қазақстанда 120 мектеп жөнделеді

26 Ақпан 2019, 17:18
1276
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда 120 мектеп жөнделеді

Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжарлық оқушылардың елу пайызы жаңартылған мектептерде білім алады. Биыл өңірде 120 білім ордасын күрделі жөндеуге 5 миллиард теңге бөлінді.

Жоспарға сай күрделі жөндеуден өтетін мектептерде жалпы саны 35 мың бала білім алып жүр. Бұл облыстық көрсеткіштің тең жартсы. Сонымен қатар, орта білім беретін мекемелерді компьютерлермен қамтамасыз ету мақсатында аталған техниканың 4 мың данасын сатып алу жоспарланған.

Солтүстік Қазақстан облысының бірінші басшысы Құмар Ақсақалов, қазынадан қомақты қаражат бөлініп жатқандықтан, оның жұмсалуын қадағалау шаралары күшейтілмек. Тиісті бақылау жұмысын жүргізу - «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына жүктелмек.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына қоғамдық бақылау жүргізуді ұсынамын. Өзге аудандардың депутаттары жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға барып, атқарылған істі бағаласын. Мысалы, мектептерде пластик терезелерге орнатылады. Жылу шығынын анықтайтын арнайы қондырғылардың бар-жоғын тексеріңіздер. Біз бюджеттен мектептерді жөндеуге қомақты қаражат саламыз. Оқушы мен ата-ана жөндеуден кейінгі айырманы сезінуі қажет. Облыс оқушыларының елу пайызы жаңартылған нысандарда оқиды болады», - деді Құмар Ақсақалов әкімдік отырысында.

Эльмира Кәленова

Фото облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі

Өзгелердің жаңалығы