Солтүстік Қазақстан облысында үш мектеп салынуда

14 Тамыз 2020, 07:36
1219
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан облысында үш мектеп салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа оқу жылында "Жас Өркен" ықшам ауданында 900 орындық және Бескөлде 300 орындық заманауи мектеп ашылады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзінше, өңірдегі мектептер екi аптадан кейiн басталатын жаңа оқу жылына қызу дайындалуда.

Былтыр өңірдегі 142 мектеп жаңарса, биыл 107 бiлiм ордасы жөнделуде. Осылайша, екi жыл iшiнде өңiр мектептерiнiң жартысы жаңартылмақ.

Үш мектеп салынуда. Жаңа оқу жылында "Жас Өркен" ықшам ауданында 900 орындық және Бескөлде 300 орындық заманауи мектеп ашылады. Барлық мектеп бейнебақылаумен қамтамасыз етiлдi. Мектептердiң көлiк паркi 43 автобуспен жаңарды. 231 мектепке жиһаз және 324 мектепке спорт құралдары алынды. Компьютерлер жаңартылуда. Соңғы үш жылда 1 600 компьютер сатып алынды. Биыл карантин кезiнде үнемдеу есебiнен 580 компьютер алынып, оқушыларға таратылды. Оған қоса, тағы 14 мың бiрлiк техника аламыз. Оның ішінде ноутбуктар, компьютерлер және планшеттер болады, - деді Құмар Ақсақалов жаңа оқу жылына арналған брифингте.


Өзгелердің жаңалығы