СҚО мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

18 Қараша 2019, 08:15
1705
Бөлісу:
СҚО мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қарашада Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының кей аумағында 18 қарашада тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Петропавлда 18 қарашада көктайғақ болып, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 90-95%.

Ақмола облысының бірқатар аумағында 18 қарашада тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 85-90%.

Өзгелердің жаңалығы