Бас жаңалықтар
Елордадағы Солтүстік айналма жол қиылысындағы жол айрығы жабылады
28 Мамыр 2020, 03:26 196

Елордадағы Солтүстік айналма жол қиылысындағы жол айрығы жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЖМ-14 жылу магистралінің құрылысы аясында Алаш тас жолы бойынша жұмыстар басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмысы Солтүстік айналма жолмен қиылысу учаскесінде басталады. Осыған байланысты 28 мамыр мен 18 маусым аралығында қосымшадағы сызбада көрсетілген учаскеде Алаш тас жолы бойында ішінара автокөлік қозғалысы тоқтатылады, – делінген қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына кептеліс жағдайын болдырмау мақсатында жүру бағытын алдын ала жоспарлау қажет.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...