Сол жағалаудағы ғимараттан өрт шықты

17 Қазан 2020, 18:34
1118
Бөлісу:
Сол жағалаудағы ғимараттан өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Мәңгілік ел даңғылының бойында орналасқан құрылысы бітпеген ғимарат өртенді, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. 

Бүгін сағат 17:10 шамасында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Мәңгілік ел, 40 А мекенжайына келіп жетті. Келе салысымен құрылысы бітпеген «Көркем-4» тұрғын үй кешенінде битум жұмыстары жасалып жатқаны белгілі болды. Осы жұмыстың барысында ағаш «поддондар» өртенген. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды, – деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі. 
Өрт 17:36 шамасында сөндірілген. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Ғимараттың өртке оранған видеосы әлеуметтік желіде таралуда.



Өзгелердің жаңалығы