Соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік көмектің көлемі ұлғайды

9 Мамыр 2019, 17:38
2385
Бөлісу:
Соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік көмектің көлемі ұлғайды
Фото: автордан

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қызылордада Ұлы Жеңіс күніне орай шара ұйымдастырылды. Халық алдымен "Жасампаз жасақ" дәстүрлі шеруіне қатысып, облыс орталығы көшелерімен жүріп өтті. Шеруге келгендер Ұлы Отан және Ауған соғысында шейіт кеткен жауынгерлерді, сонымен бірге елге оралғаннан кейін өмірден өткендердің суреттерін көрсетіп, оларды еске алды. 

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған азаматтар, тұрғындар «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойды. соғыста қаза тапқандардың рухына тағзым етті. 

Соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік көмектің көлемі ұлғайды

«Майданның барлық қиындығы мен қасіретін қайыспай көтерген, сол замандарда қайсарлық, ержүректік пен батылдық танытқан ата-бабаларымызға шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Олардың ерліктері біз үшін шынайы патриотизмнің, жоғары азаматтықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен адалдықтың үлгісі болып табылады», - деді облыс әкімі. 

Қызылорда облысында майдангерлерге 500 мың теңгеден бір реттік көмек беріледі. Дәлірек айтсақ, өткен айда соғыс ардагерлері 202 мың теңгеден алса, одан бөлек мамыр айында 303 мың теңгеден беріледі. 

Соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік көмектің көлемі ұлғайды

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтынкүл Есқараева облыс басшысының бастамасымен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында осындай шешім қабылдағанын жеткізді. 

«Ұлы Отан соғысының қатысушыларына облыс бюджеті есебінен 303 мың теңгеден қосымша әлеуметтік көмек төленетін болды. Сәуірде де біржолғы материалдық жәрдем берілген еді. Сонда мереке қарсаңында майдангерлер 505 мың теңге көлемінде алады. Қаражат осы айда олардың шотына толық аударылады. Отанын қорғаған ардагерлеріміздің қатары жылдан жылға сиреп барады. Сондықтан бейбітшілік сыйлаған аталарымызға біздің рахметіміз шексіз. Ал мына көмек сол алғысымыздың бір белгісі еді», – дейді Алтынгүл Итенқызы. 

Соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік көмектің көлемі ұлғайды

Айта кетейік, мамыр айы басталысымен аймақта Ұлы Жеңіс мерекесімен орайластырылған іс-шаралар – көрмелер, концерттер, ардагерлермен кездесулер өткізіліп келеді.

Өзгелердің жаңалығы