Сочиде өткен шайқаста Қуат Хамитов жеңіліп қалды

25 Қыркүйек 2021, 10:44
13604
Бөлісу:
Сочиде өткен шайқаста Қуат Хамитов жеңіліп қалды

Алматы, BAQ.KZ. Сочиде (Ресей) AMC Fight Nights турнирі аяқталды, оның негізгі шайқасына қазақ файтері Қуат Хамитов қатысты. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Соңғы шарада Хамитов (21-8-1) ресейлік спортшы Мариф Пираевпен (27-4-1) кездесті. Жеңіл салмақта (70 келі) үш раундтық жекпе-жек бірауызды шешіммен 28 жастағы Пираевтың жеңісімен аяқталды.

33 жастағы Хамитов үшін бұл жеңіліс мансабындағы сегізіншісі болды. Соңғы рет ол 2019 жылдың сәуірінде, төрешілердің шешімі бойынша Нариман Аббасовтан жеңіліп қалған болатын.

Пираевке келетін болсақ, Мариф мансабындағы 27 -ші және қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы