Соңғы кандидат тіркелді. Әміржан Қосанов сайлауға түседі

6 Мамыр 2019, 12:19
2694
Бөлісу:
Соңғы кандидат тіркелді. Әміржан Қосанов сайлауға түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы "Ұлт тағдыры" қозғалысы қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде тіркеді. 


27 сәуір күні "Ұлт тағдыры" қозғалысы Қосановты ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынып, Орталық сайлау комиссиясына осы қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының Қосановты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; президенттікке кандидат ретінде Қосановтың дауысқа түсуге келісім бергені туралы кандидат өтініші, өмірбаяндық деректері; сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат ұсынылып кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау негізінде Орталық сайлау комиссиясының 28 сәуірдегі қаулысымен президенттікке кандидаттың сайлау туралы  заңнамаларда қойылған талаптарға сәйкестігі белгіленіп, қол жинау парақтары берілді. 

Кандидатты тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың кірістері мен мүлкі туралы декларация жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; кандидатты тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының азаматтардың президенттікке кандидат Қосановты қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы хаттамалары ұсынылды. 

Айта кетсек 15 сәуірдегі №13/237 комиссия қаулысымен ҚР президенттігіне кандидатты қолдап жиналған рас қолдардың қажетті саны 118 140-тан кем болмауы тиіс. 

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес кандидат Әміржан Қосановты қолдап 14 өңірден 131 189 азаматтық қол жиналды, оның ішінде 129 582 қол рас деп танылды", - деді деп мәлімдеді ОСК мүшесі Ақылбек Ихданов.  

Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін барлық тиісті құжат комиссияға ұсынылып, қойылған талаптарға толығымен сәйкес келді. ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін ОСК қаулысымен 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлануына кандидат ретінде тіркеп, Қосановқа тиісті куәлік берілді. Кандидатқа «Халық жинақ банкіне» арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелу туралы мәліметтер беріледі. БАҚ-қа кандидатты тіркеу туралы ақпараттық хабарламаны жариялау белгіленді.

Бұған дейін ОСК Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді. Сонымен қатар, Ахметбеков қол жинау процесі қалай жүргенін баяндап берді.
Өзгелердің жаңалығы