Соңғы 5 айда салық түсімі азайған

26 Маусым 2020, 13:27
2441
Бөлісу:
Соңғы 5 айда салық түсімі азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 5 айдың қорытындысы бойынша салықтық түсімдер 14,8%-ға төмендеді. Ұлттық қорға түсетін түсімдер 403 млрд теңгеге, ал республикалық бюджетке 667 млрд теңгеге азайған.

Covid-19 эпидемиясына байланысты халықтың қашықтан жұмыс істеуі бойынша шаралар және мұнай котировкаларының төмендеуі жиынтық салықтық түсімдерге кері әсер етті. Осылайша, 2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша бюджетке түсетін салық түсімі 4 354,1 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға төмен. Бұл ретте республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері 24,5%, ал жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 32,7%-ға өсті. Бес айдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға салықтық түсімдер 27,9%-ға төмендеген - дейді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары.

Салықтық түсім, млрд теңге:

 Соңғы 5 айда салық түсімі азайған

Жергілікті бюджетке түсетін түсімнің ұлғаюы 2020 жылдың басынан бастап ШОБ-тан түсетін КТС жергілікті бюджетке есептелуіне байланысты. 2020 жылдың бес айында ШОБ-тан түсетін КТС бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсім көлемі 220,7 млрд теңгені құрады. Аталған салықты есепке алмағанда да жергілікті бюджетке түсетін түсім 9,5%-ға ұлғайды. Атап айтқанда, әлеуметтік салық бойынша түсімнің 14,6%-ға 304,9 млрд теңгеге дейін өсуі есебінен, сондай-ақ "тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге ішкі салықтардан" түсетін түсімнің 18,8%-ға 176,0 млрд теңгеге дейін артуы есебінен болды. Өңірлер бойынша жергілікті бюджетке түсімді бөлу кезінде Алматы қаласына барлық түсімнің 20,9% келеді. Бұл ретте, Алматы қаласы бойынша ШОБ-тан түсетін КТС бойынша түсімнің көлемі 2020 жылдың бес айында 84,5 млрд теңгені немесе бүкіл ел бойынша төлемнің осы түрі бойынша барлық салық төлемінің 38,3%-ын құрады, - дейді сарапшылар.

Жергілікті бюджеттерге салықтық түсімдер, млрд теңге:

 Соңғы 5 айда салық түсімі азайған

Сонымен қатар, республикалық бюджетке түсетін салық түсімі 667,2 млрд теңгеге азайды. Оның 220,7 млрд теңгесі ғана ШОБ-тан жергілікті бюджетке КТС берумен байланысты. Сондай-ақ, республикалық бюджет кірісінің төмендеуі "тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтардан" (-150,7 млрд теңге) және "халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтардан" (-264,6 млрд теңге) түсетін түсімдердің азаюына байланысты болуда, - дейді қаржы мамандары.

Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер, млрд теңге:

Соңғы 5 айда салық түсімі азайған

Бұған қоса, Ұлттық қорға салық түсімі 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1 042,3 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 402,8 млрд теңгеге төмен. ПҚӨС қоспағанда төлемдердің барлық түрі бойынша түсімнің төмендеуі байқалады. Атап айтқанда, КТС бойынша түсім 202,9 млрд теңгеге, 379,1 млрд теңгеге дейін төмендеді, ал өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі 369,4 млрд теңгеден 263,7 млрд теңгеге дейін азайды, - дейді қаржыгерлер.

Ұлттық қорға салықтық түсімдер, млрд теңге:

Соңғы 5 айда салық түсімі азайған 


Өзгелердің жаңалығы