Соңғы 4 аптада барлық өңірде індеттің таралуы айтарлықтай төмендеді

4 Тамыз 2020, 09:31
1291
Бөлісу:
Соңғы 4 аптада барлық өңірде індеттің таралуы айтарлықтай төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 4 аптада барлық өңірде індеттің таралуы айтарлықтай төмендеді деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн өткен Үкімет отырысында. 

Маска тағудың тұрақты режимі халық арасында инфекцияны таратпаудың қосымша факторы болып табылады. Маска тағу қоғамда жақсы әдетке айналуы керек. Карантин енгізілгеннен кейін соңғы 4 аптада барлық өңірде індеттің таралуы айтарлықтай төмендеді. Ауру жұқтыру көрсеткіші тәулігіне орташа есеппен 1,5 есеге қысқарды, - деді Цой. 
Сондай-ақ министр маска тағу міндетті орындарды атап өтті. 
Масканы қоғамдық орындарда, адамдардың демалуы мен қызмет алуына арналған ғимараттарда, қоғамдық көліктер мен ашық аспан астындағы қоғамдық орындарда тағу міндет болып есептеледі. Ал 5 жасқа толмаған балалар мен арақашықтықты сақтау арқылы жеке және 5 адамға дейін спортпен айналысып жүрген адамдарға, медициналық тұрғыдан тыйым салынған тұлғаларға және әлеуметтік арақашықтықты сақтау арқылы ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындарындағы адамдарға маска тақпауға болады, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, министр денсаулық сақтау саласына түсетін негізгі көрсеткіштер жүктемесі төмендегенін айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы