Сноубордтан Ресейдегі Әлем кубогі кезеңі ақпанға ауыстырылды

2 Қазан 2020, 07:45
990
Бөлісу:
Сноубордтан Ресейдегі Әлем кубогі кезеңі ақпанға ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сноубордтан 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған әлем кубогі кезеңі келесі жылға қалды. Бұл туралы Ресей сноуборд федерациясы хабарлады.

Челябинск облысында 2020 жылдың желтоқсанында өтуі тиіс жарыс 2021 жылдың ақпанына ауыстырылды. Мұндай шешім қабылдауға коронавирус індеті әсер етіп отыр.

Желтоқсан айында елге спортшылардың ұшып келуі қиындық тудырады. Сондықтан, әлемдік федерациямен ақылдаса отырып, жарысты ақпанға ауыстырдық, - дейді ұйымдастырушылар. 

Өзгелердің жаңалығы