Смайылов: Инфляция күнделікті бақылауда болуы тиіс
10 Мамыр, 15:14 547

Смайылов: Инфляция күнделікті бақылауда болуы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметтің цифрлық кеңсесінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Өңірлер бойынша ең жоғары баға өсімі Қарағанды облысында 0,4%, тағы 11 өңірде – Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында 0,3% тіркелді. 

Республика бойынша ӘМАТ қоры шамамен 744 мың тоннаны құрайды, оның ішінде «айналым схемасы» аясындағы қорлар – 108 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 25,6 мың тонна және 52,9 мың тоннаға форвардтық келісімшарттар жасалды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге өңірлер арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің қажеттіліктерін ескере отырып, оларды жедел тәртіппен жеткізіп отыру үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімін тұрақты негізде өзектендіру тапсырылды. 

Сонымен қатар Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, сауда үстемесін, әсіресе, оны көтерме сауда орындарында бақылауға ерекше назар аударуды, сондай-ақ «айналым схемасын» қаржыландыруды 100% нысаналы деңгейге дейін жеткізуді тапсырды. 

Инфляция мәселелері халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер етеді, ол күнделікті бақылауда болуы тиіс. Әкімдердің осы бағытқа жетекшілік ететін орынбасарлары жағдайды бақылап, тиісті шаралар қабылдауы қажет. Бізде қажетті құралдар бар, — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.


Фото: дереккөз
Загрузка...