Смайылов қандай жағдайда салық төлеушілердің өсімпұлдары мен айыппұлдары кешірілетінін айтты

26 Маусым 2019, 17:00
1473
Бөлісу:
Смайылов қандай жағдайда салық төлеушілердің өсімпұлдары мен айыппұлдары кешірілетінін айтты
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінде шағын және орта бизнес өкілдеріне жасалатын салықтық амнистия нәтижелерін айтты.


«2019 жылы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнеске салықтық рақымшылық жасау жұмыстары басталды. 90 мыңға жуық салық төлеушілерге амнистия жариялады. Қазірдің өзінде олардың 42%  пайдаланды. 210 млрд теңге көлемінде негізгі қарызды төлеу жағдайында аталған салық төлеушілердің 123 млрд теңге көлемінде өсімпұлдары және 7,3 млрд теңге көлемінде айыппұлдары кешірілетін болады», - деді Смайылов.  

Оның айтуынша, бизнес жүргізуге қолайлы жағдайдың жасалуы 2018 жылы салық төлеушілер санының артуына әсер етті. Шағын және орта бизнес субъектілерінен салықтық түсімдер 3 трлн 384 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 25% өсті. Шикізаттық емес сектордан түсетін салықтық түсімдер 16% өсіп, 5 трлн 820 млрд теңгеге жетті. 

Министр кызметкерлеріне жалақымен қоса жеке табыс салығын төлеп отырған салық агенттер саны 12 мыңға дейін жеткенін ерекше атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы