Павлодар облысында Smart Сoт жобасы жалғасып келеді

22 Қаңтар 2019, 22:28
3651
Бөлісу:
Павлодар облысында Smart Сoт жобасы жалғасып келеді

Павлодар, BAQ.KZ. Павлодар облыстық соты 2018 жылы «True Conf» мобильдік қосымшасы арқылы 1 349 істі қарады. Оның 925-і азаматтық, 380-і әкімшілік және  44-і қылмыстық іс.

«Smart Сoт» жобасы азаматтарға "True Conf" мобильдік қосымшасы арқылы әлемнің кез келген нүктесінен сот отырысына қатысуға мүмкіндік береді. Өңір соттарында өткен процестерге тек республика азаматтары ғана емес, сонымен қатар Германияның, Россияның, Грузияның және Беларусьтің азаматтары да қатысты. Мәселен, Успен аудандық соты қараған некені бұзу туралы бір сот отырысы Германия, Россия мен Қазақстан азаматтарының қатысуымен өтті" - делінген Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Smart Сoт» жобасы бойынша шет мемлекеттердің қатысуымен барлығы 13 сот отырысы өткізілді.

Бейнеконференцбайланыс арқылы сот процестерін өткізу тек уақытты ғана емес, сонымен бірге бюджет қаражатын да үнемдейді. 

Өзгелердің жаңалығы