Кітапханадағы қайнаған тірлік

26 Қаңтар 2019, 11:00
2093
Бөлісу:
Кітапханадағы қайнаған тірлік

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Халық арасында нақты объективті пікірге қарағанда «ел айтқан деген» ой тез тарайды. Солардың бірі - «Оқырман азайып кетті деген қауесет бар».  Бірақ жер-жерден, әсіресе - аймақтардан жетіп жатқан жаңалықтар кітапханалардың бүгінгі елгезек қоғамда орны әлі бар екенін көрсетеді.

Біреулер оны кітаптан көреді, айтуларынша, «қазірде оқитын түк жоқ». Біреулер оны интернет пен гаджеттердің кең таралуынан, басқалар оны «ұрпақтың рухани ізденісінің тарылуынан» көреді. Дегенмен кітапсүйер қауым сүйікті ісінен бас тартқан емес.

Бір ғана шарт: кітапхананың өзі де заманға икемделуі керек.

Былтыр мемлекет басшысы басты басымдық ретінде - халықтың әл-ауқатының артуын, өмір, тұрмыс сапасының артуын ерекше айтқан. Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының бүгінгі келбеті - сол нұсқау бойынша жұмыстар нәтижесінің көрінісі. Шынымен, «тұрмыстың жақсаруын» тек қалтаның қалыңдауымен байланыстыра беруге болмас?

Тарихы тағлымды кітапхана

Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының тарихы 1920 жылдардан бастау алады. Сол кездегі Гурьев революциялық комитетінің жанынан ашылған кітапханаға келесі жылы тура бір ғасыр болады. Кітапхана осы уақыт ішінде - халық ағарту бөлімінің мектептен тыс оқу жобасынан - облыстық деңгейдегі үлкен мекемеге айналды. Және заман үрдісіне ере білді. Мысалы кітапхана 2002 жылы-ақ оқырмандардың интернетке шығуын қамтамасыз етті.

Кітапхананың Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тарихы ерекше. Ол жылдар еліміздің экономикасы үшін өте ауыр жылдар болғанымен, кітапхана кітап қорын көбейте білген.
Қазір
Бүгіндері Ғ. Сланов атындағы  Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы - облыстың ірі ғылыми және мәдени ошағы. Мұнда заманауи технологиялар ме кітап оқу дәстүрі сабақтасқан. Оқырман қажетті материалды - бүкілреспубликалық «КАЗНЭБ-ҚАЗҰЭК» мәліметтер қорынан бастап, «Заң» сияқты арнайы электронды анықтама жүйесінен іздей алады. Бұған қоса, шетелдік кітапханалардың қорларын шолу, электронды жеткізу қызметтері де бар. Ал оқырмандар жаңадан түскен кітапты мекеменің сайтынан көріп отыра алады.

Кітапханада мәдениет, ғылым-білім саласындағы бүкілреспубликалық шаралар мен мемлекеттік бағдарламалар дер кезінде көрініс тауып отырады. Оның айғағы ретінде – 2018 жылы ашылған коворкинг-орталықты айтуға болады.

Коворкинг-орталық
2018 жылы Ғ. Сланов атындағы  Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Балаларға арналған Коворкинг орталығын» ашылды. Бұл шараны Балалар күнінде өткізген ұйымдастырушылар ашылу салтанатында кішкентай оқырмандардың көңілінен шығуды жоспарлаған еді.

Содан бері бұл орталық рухани бағыттағы шаралардың ошағы болып келеді. Коворкинг орталығында бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің, зиялылардың басын қосып, мемлекет басшысының программалық баяндамалары мен публикацияларынан бастап, ел және өлке тарихы, аталуы күндер мен тұлғаларға байланысты жиындар өткізу дәстүрге айналған. 10 қаңтар күні «Жаңғырудың жаңа жолы» атты тұрақты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды. Кітапханашы Гүлжазира Ғаниқызы оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыра отырып, ұлттық деңгейдегі ірі нысандардың арғы-бергі тарихын қамтитын «Сарайшық», «Ахмет Яссауи кесенесі» (2011), сияқты халыққа кеңінен танымал орындар туралы кітаптар; Қазақстанның мәдени құндылықтарын дәріптейтін, өзіндік мазмұны бар ескерткіштер туралы Ж.Бейсенбайұлының «Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері» (2017), «Мәңгілік ел - Қазақстан» (2017), «Қазақстан халқының өнері» (2017), «Зергерлік өнер әлемі Т.1,2» (2017), Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар» (2014), «ХХІ ғасыр әлемі» (2013), «Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы» (2008) жөніндегі кітаптар мен құнды деректерді әңгімесіне арқау етті. Презентациялар мен баяндамаларды мультимедиалық техникамен сүйемелдеуге барлық жағдай бар. Сонымен бірге, халық арасында қызығу бар этномәдение тақырыптар бойынша өткізілетін шаралар да бір төбе. Былтырғы 25 желтоқсанда Атырау облысындағы Ноғай халқының мәдениет күндері аясындағы шараларда басты орталық тап осы Ғ. Сланов атындағы  Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының коворкинг-орталығы болды. Онда ноғайлық және қазақстандық ғалымдар мен ақын-жазушылардың дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылар назарына «Бірлігі жарасқан ел озар...» тақырыбындағы Ноғай халқының мәдениеті және өнері, әдебиеті туралы кітап көрмесі ұсынылды.

Кітапхана оқырмандарды ынталандыру үшін де промоушн шаралар өткізіп тұрады. Мысалы, 3 қаңтар күні "Бір ел - бір кітап"акциясының 2018 жылының ең үздік оқырманы анықталып, марапатталды. Бұл мәртебеге - Атырау жоғарғы медициналық колледжінің емдеу ісі бөлімінің 2 курс студенті Талап Нұрай Нұрболатқызы ие болды.

Ерлан Оспан
Өзгелердің жаңалығы