СҚО-да жол жөндеу бойынша кепiлдiк мерзiмi ұзартылады

20 Мамыр 2019, 22:21
1797
Бөлісу:
СҚО-да жол жөндеу бойынша кепiлдiк мерзiмi ұзартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автожолдарды күту және жөндеу жөнiнде СҚО әкiмдiгiнiң отырысында талқыланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.

Соңғы үш жылда облыста 1900 шақырым жол жөнделген. 128 ауылдағы жолдың сапасы жақсарды. Тек биылдың өзiнде 705 шақырым жол жөнделмек.
Дегенмен, облыс әкiмi Құмар Ақсақалов тиiстi органдардың басшыларына атқарылатын жұмыстарға қатаң бақылау жүргiзудi тапсырды. 

«Әлеуметтiк желiлерде жүк машиналарының жолда доңғалығымен кiрiп кеткенiн көрсетiп жатыр. Барлық басшыларға жүк машиналарының қозғалысын бақылауға алуды тапсырамын. Жолды жөндеу бойынша да сұрақтар бар. Қоғамды бақылауға тартып, кепiлдiк мерзiмiн ұзарту керек. Аулаларды жөндеп жатқан мердiгерлерге де қатысты», - дедi Құмар Ақсақалов.

СҚО-да жол жөндеу бойынша кепiлдiк мерзiмi ұзартылады

Биыл «Жаңажол» және «Қарақоға» бақылау-өткiзу пунктерiн де қайта жөндеу жұмыстары аяқталмақ. «Қызылжар» және «Бидайық» пунктерi жөндеуден өтеді.  4 шекара бекетiндегi жол инфрақұрылымын жақсарту жоспарланған. ҚР жәнк РФ азаматтарына шекара арқылы өту жеңiлдей түспек. 

«Бiз биыл екi шекаралық өткелдi жөндеп бiтiремiз. Қаржы бар. Азаматтар үшiн өте қолайлы болады. Жол кеңейтiлiп, бақылау-өткiзу пунктерi көбеймек. Бұл әрине автомобиль кептелiсiн азайта түспек», - дедi өңiр басшысы.

Өзгелердің жаңалығы