СҚО Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады

20 Қазан 2021, 17:42
5235
Бөлісу:
СҚО Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы демалыс күндері, 23-24 қазан күндері Нұр-сұлтан қаласында «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Елордадағы жәрмеңкеде Солтүстік Қазақстан облысының 110-ға жуық кәсіпорны жалпы көлемі 800 тоннадан асатын 100-ден астам өнімді ұсынады. Оның ішінде:

- Картоп пен көкөністер - 600 тонна;
- Ет және шұжық өнімдері - 100 тонна;
- Сүт және сүт өнімдері - 20 тонна;
- Ұн - 25 тонна;
- Макарон және кондитерлік өнімдер - 20 тонна;
- Бал және ара шаруашылығы өнімдері - 20 тонна;
- Тауық жұмыртқасы - 100 мың дана;
– Балық - 15 тонна.

Естеріңізге сала кетейік, өнім нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылатын болады. Жәрмеңке Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұсынған санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Айта кету керек, биыл елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау және Қостанай облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы