СҚО-да жолшыларды даярлау қолға алынбақ

30 Наурыз 2021, 12:39
1332
Бөлісу:
СҚО-да жолшыларды даярлау қолға алынбақ
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Осыған байланысты «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» былтыр мектептерге жолшы мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында «1000 мектеп» акциясын бастаған болатын. 

Мақсаты - жастардың бағытын жолшы мамандығына бұру. Яғни жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізіп, мектеп тәмамдағасын осы саланы таңдауына үгіттеу.

СҚО-да жолшыларды даярлау қолға алынбақ

2019 жылы басталған «1000 мектеп» бағдарламасына орай зертхана ғимаратында «ашық есік» күнін ұйымдастырдық. Қаладағы әл-Фараби атындағы лицей оқушыларымен кездестік. Күнделікті атқарылатын жұмыстар, яғни, асфальт-бетонның құрамын, тығыздығын, сапасын зерттеу секілді жұмыстар көрсетілді. Жастар бұл саланың қандай екенін білуі керек, - дейді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» СҚОФ директоры Жолдыбай Тентеков.

Жалпы биыл кәсіптік бағдарлау жұмыстары өңірдегі 17 мектептің оқушыларымен жүргізілді. Карантинге байланысты онлайн форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, филиал басшысы балаларға мамандық маңызы мен қай оқу орындарында осы сала бойынша маман даярлайтынын баяндады.

СҚО-да жолшыларды даярлау қолға алынбақ

Қазіргі күні елімізде 30-ға жуық жоғары оқу орны мен 50-ге тарта колледжде жолшыларды даярлайды. Соған қарамастан мамандар тапшылығы сезіліп отыр. Тіпті бұл саладағы студенттерге 10 мыңға тарта мемлекеттік грант бөлінеді. Бұған қоса «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» 20 студентті тегін оқытуды жоспарлап отырмыз. Яғни өзімізге қажетті мамандарды мектеп қабырғасынан іздеп, даярлауды іске асырмақпыз, - дейді ол.

Жол құрылысы саласындағы кадр тапшылығы жұмыс сапасына да кері әсер етіп отыр дейді мамандар. Әсіресе, жол шеберлері, құрылыс инженерлері, инженер-сметашы, зертханашылар, асфальтбетон жұмысшылары, асфальт төсегіштер, автогрейдер жүргізушілері, механизаторлар, қайта өңдеушілер, арнайы техника жүргізушілері жетіспейді. 

СҚО-да жолшыларды даярлау қолға алынбақ

Бұл мәселе республика бойынша өзекті. Ал оны шешудің тиімді жолы - жастардың техникалық білім алуына жағдай жасау.

Өзгелердің жаңалығы