СҚО-да жануарлардың құтыруына байланысты шектеулер енгізіледі

11 Сәуір 2021, 12:36
1154
Бөлісу:
СҚО-да жануарлардың құтыруына байланысты шектеулер енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы ЖШС аумағында шектеу іс-шараларын енгізу туралы қаулы жобасы талқылауға шығарылды, деп хабарлайды pkzsk.info.

Шешім жобасын әзірлеудегі мақсат - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің Докучаев ауылы "Атамекен-Агро-Тимирязево" ЖШС мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында құтыру бойынша шектеу іс - шараларын белгілеу, - делінген түсіндірме жазбада.

Ұсынысты Тимирязев ауданының бас ветеринариялық-санитариялық инспекторы 9 сәуірде енгізді. Қоғамдық талқылау 23 сәуірге дейін жалғасады. Онымен мына жерде танысуға болады.

Докучаево ауылында ІҚМ құтыруының тіркелген жағдайлары туралы қосымша мәліметтер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы