СҚО-да шетелдік нөмірлері бар 60 автокөлік арнайы тұрақтарға қойылды

19 Қараша 2021, 09:30
1727
Бөлісу:
СҚО-да шетелдік нөмірлері бар 60 автокөлік арнайы тұрақтарға қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-да екі жыл ішінде шетелдік нөмірлері бар 60 автокөлік арнайы тұрақтарға қойылды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер қазақстандық азаматтардың шетелде есепте тұрған автокөліктерді пайдалануымен байланысты тәуекелдері туралы айтты. 

Тек соңғы екі жылда СҚО-да айып тұрағына өзге елдердің нөмірлері бар 60 автомобиль қойылды. 

Оның жетеуі айдап әкеткен көліктер тізімінде (барлығы Ресей Федерациясы аумағы бойынша). Кейбір көліктерге шетелде шектеу қойылғандықтан айып тұрағында тұр. Мысалы, Ресей Федерациясындағы нақты иесінің мүлкіне тыйым салынғандықтан, тамыз айында Петропавл тұрғыны BMW X5 көлігінен айырылды және бұл бірлі-жарым оқиға емес.

Айып тұрағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында тоқтатылған көліктер қойылады. Аталған көліктер заңнама бұзушылықтары бойынша ресімделген. Олардың көбін жалған құжаттармен кіргізбек болған, кейбіреуінің vin-коды қайта соғылған. Дегенмен, жерлестеріміздің біразы шетелде «ұқсас телқосағы» бар көлікті тізгіндеп жүр деуге негіз бар, – деп хабарлайды СҚО ПД Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Жеңіс Темірбеков. 
Келесі бір қауіп: кейде қазақстандықтар «конструктор» деп аталатын – күрделі жол-көлік оқиғасына түскен автомашиналардың қосалқы бөлшектерінен жиналған көліктерді сатып алып жатады. Оларды да жалған құжаттар бойынша сатады. Полицейлер шетел көлігін сатып алар кезде автомобильдердің және агрегаттардың (vin-код, шанақ, қозғалтқыш, шасси және т.б.) сәйкестендіру нөмірлерін тіркеу құжаттарында көрсетілген мәліметтермен салыстыруға, шектеулер қойылғанын, не қойылмағанын, жалпы тарихын тексеруге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы