Бас жаңалықтар
СҚО-да шаңды дауыл тұрғындардың зәресін алды
VIDEO
18 Мамыр 2021, 21:06 310

СҚО-да шаңды дауыл тұрғындардың зәресін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні секундына 33 метрге жетті.

Шаңды дауыл Солтүстік аймақтың Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарында тіркелген. Жергілікті тұрғындар бұл ерекше құбылысты видеоға түсіріп үлгерген. Видеодағы кадрларға қарағанда шаңды дауыл ондаған метрге көтерілген, жолдарда ештеңе көрінбей қалған. 


Синоптиктер Тайыншадағы метеорологиялық станцияда секундына 33 метр жылдамдықпен соққан желдің тіркелгенін, бұл өздігінен болатын гидрометеорологиялық құбылыс, ал Чкалово ауылындағы метеорологиялық станцияда екпіні секундына 28 метрге жеткенін хабарлады.

Аймақ қазір солтүстік-шығыс циклонының және атмосфералық фронттардың ықпалында. Суық және жылы атмосфералық фронттардың түйіскен жерінде жел мен шаңды дауыл пайда болды. Жауын-шашынның болмауы шаңды дауылдың қалыптасуына да әсер етті, -  деп атып өтті Қазгидрометте.

Сонымен қатар облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Чермошнянка ауылында қатты желдің салдарынан әкімдіктің шатыры жартылай бұзылған, ал Леонидовка ауылындаға мектептің де шатыры ұшып кеткен.  Талшық, Алқатерек және Восход ауылдарындағы бірнеше ғимараттың шатыры зақымданған. Зардап шеккендер жоқ. Табиғи апаттың шығынын есептеу үшін комиссия құрылған.


Фото: дереккөз
Загрузка...