Бас жаңалықтар
СҚО-да мыңға жуық оқушы үй карантиніне жіберілді
14 Қыркүйек 2021, 15:36 117

СҚО-да мыңға жуық оқушы үй карантиніне жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев хабарлады. 

Оның айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы бері облыста 29 ұстаз коронавирус жұқтырған.

Ал 1 қыркүйектен кешегі күнге дейінгі мерзімде балабақша тәрбиеленушілерінде індеттің 9 жағдайы анықталыпты.

Сондай-ақ оқушылар арасында 129 коронавирустық инфекция тіркелді. Оның ішінде 71 жағдай оқу процесінің басталуымен байланысты емес. Облыстағы 13 мектептің 38 сыныбына карантин енгізу және 986 оқушы мен мұғалімді үй карантиніне ауыстыру туралы 34 қаулы қабылданды, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар 29 педагогтің ауырып қалуына байланысты 6 мектептің 22 сыныбына карантин енгізілген.

196 оқушы мен мұғалімдерді үй карантиніне ауыстыру туралы 19 қаулы қабылданды. Мұғалімдер, оқушылар, студенттер мен қызметкерлер арасындағы сырқаттанушылыққа күнделікті мониторинг жүргізіледі, - деп атап өтті Асқар Сақыпкереев.

Еске сала кетейік, бұған дейін облыста қанша баланың коронавирус жұқтырғаны туралы айтқан болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...