Бас жаңалықтар
СҚО-да «қызыл» мәртебесі бар 333 адам анықталды
14 Қыркүйек 2021, 04:14 66

СҚО-да «қызыл» мәртебесі бар 333 адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында Ashyq арқылы үй карантинін бұзған 600-ге жуық адам анықталды, олардың 333-інің «қызыл» мәртебесі болған.

СҚО кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, өңірде 2603 нысан Ashyq жобасына қосылған, олардың 49-ы тестілік режимде жұмыс істеп жатыр. 

Ashyq жобасына ауылдық жерлерде де белсенді қосылып жатыр. Қазір қосымшамен жұмыс істейтін субъектілердің 54%-ы – облыс аудандарында орналасқан. Жоба өз нәтижесін беруде. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті берген мәліметке сүйенсек, жүйе өңірде жүзеге асырылғалы үй карантинін бұзған 563 адам анықталған. Олардың 333-інің «қызыл», 230-ының «сары» мәртебесі болған, – дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Әшметов. 
«Қызыл» мәртебелілер – COVID-19-ды жұқтырғандар болса, «сары» мәртебесі барлар – ауырғандармен байланыста болғандар. Олардың екеуі де қауіпті вирусты басқаларға жұқтырмауы үшін оқшауланып, үй карантинінде отыруға міндетті.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...