СҚО-да құс тұмауы өршіп тұр

28 Қыркүйек 2021, 04:11
1214
Бөлісу:
СҚО-да құс тұмауы өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Лебяжье ауылында ветеринарлық карантин жарияланды. Онда құс тұмауы вирусынан мыңнан аса құс өлді. Дерек жеті фермада тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өңірлік ветеринария дирекциясы мәліметінше, 21-26 қыркүйек аралығында ауылда тауық, үйрек және қаз жаппай өлген, барлығы 1003 бас. Олар өртеу арқылы жойылған.

Ветеринарлық қызмет эпизоотиялық тексеру жүргізді, материал іріктеліп, зерттеу үшін зертханаға жіберілді. 24 қыркүйекте "құс тұмауы" диагнозын растау нәтижесі алынды. Аурудың ықтимал көзі - жабайы құстар, өйткені бұл елді мекенде аққулар, үйректер және басқа да жабайы құстар мекендейтін су қоймасы бар, - деді облыстық ветеринария басқармасының алдын алу бөлімінің басшысы Қайырлы Қазанов.
Еске салайық, былтыр Қазақстанның солтүстігінде құс тұмауы өршіп, мыңдаған құс, оның ішінде құс фабрикаларында құстар қырылып қалған болатын.
Өзгелердің жаңалығы